Испанияда 29 қазанда басталған қатты жауын салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 205 адамға жетті. Кейбір аудандарға құтқарушылар әлі жете алмай жатыр,- деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметке сүйенсек, 500 әскери із-түссіз жоғалғандарды іздестіріп жатыр. Ал зардап шеккен аймақтарда мәйіттерді уақытша сақтау үшін конференц-залдар пайдаланылды. 75 мыңға жуық үй электр қуатынсыз қалған.
Айта кетелік, су тасқыны жылдық жауын-шашын мөлшерінің бар болғаны сегіз сағат ішінде жаууынан туындаған. Елде үш күндік аза тұту жарияланды.