«Апат салдарынан 152 адам жарақат алған. Жергілікті билік мәліметінше, зардап шеккендердің 48-і, оның ішінде бес бала, ауруханада ем қабылдап жатыр», — деп жазды El País басылымы.
Малагадан Мадридке бағыт алған Iryo компаниясының пойызы рельстен шығып, Мадридтен Уэльваға бет алған Alvia (Renfe) компаниясының қарсы бағыттағы пойызымен соқтығысқан.
Пойыздың рельстен тайып кетуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.