Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша бұзақылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған қазақстандық азамат Ыстамбұлда ұсталды, – деп хабарлайды newsroom.kz
Полиция мәліметінше, былтыр жазда ер адам таныстарымен бірге Сарыағаш қаласының кафелерінің бірінде болып, басқа келушімен жанжалдасып, оған дене жарақатын салып, мекеменің мүлкіне зақым келтірген.
Айта кетелік, ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді.