Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін Алматыда қара бұлт болады

Фото: Inbusiness.kz

Астана, Алматы мен Шымкенте 22 қазан күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда қара бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 19 градусқа дейін көтеріліп, түнде 5 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,7 м/с болмақ.

Астанада ауа райы болжамынша, өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 11 градусқа көтеріліп, түнде -4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,6 м/с болады.

Шымкентте бүгін сылбыр жаңбыр болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 18 градусқа дейін жетіп, түнде 10 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,3 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...