Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 қыркүйек, 2024 / Аман ШАМАР / Сараптама

2025 жылдың соңына халық 100% ауызсумен қамтылмақ

Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі.

2025 жылдың соңына халық 100% ауызсумен қамтылмақ
Фото: ru.freepik.com

Болашақта қара судың құны алтынмен пара-пар болады деген болжам бар. Мұны қатардағы мамандар емес, әлемнің мүйізі қарағайдай ғалымдары айтып отыр. Бұл мәселені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та халыққа Жолдауында көтерген болатын. Ол өз кезегінде су ресурсы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі екенін ашық айтқан еді. Әсіресе, Президент судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұрғанын жеткізді.

Жолдау жүктеген міндет

«Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек» деп атап өткен болатын Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Расымен де, сусыз өмір жоқ қой. Ендеше, Мемлекет басшысының да асқан алаңдаушылық білдіруі тегін емес. Ол алыс ауылдардағы ауызсу мәселесі күн тәртібінен түспеу қажеттігін қатаң ескертті. Бұл мақсатта жарты мың ауылға орталық су құбыры тартылатын болып шешілді.