Ақтөбеде тұрғын өзінің ағзасын 9 миллион теңгеге сатпақ болған,- деп хабарлайды newsroom.kz
«Ақтөбе облысы прокуратурасымен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында «E» есімді азаматтың өзінің ішкі ағзаларын сатуы бойынша ықтимал мәміле жасау туралы ақпарат алынды.
2024 жылдың 25 қыркүйегінде прокуратураның бастамасымен жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын 9 миллион теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақ болған «E» есімді азаматты ұстады», - делінген өңірдің прокуратурасының хабарламасында.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.