ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ!

Діни мазмұндағы 300-ге жуық кітап, ноутбук және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді.

Фото: ru.freepik.com

Түркістан облысында экстремизмге қарсы іс-қимыл жақсы жолға қойылған.

...Жуырда мұнда экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан ер адам ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ҰҚКД қызметкерлері экстремизм идеологиясының жақтаушысы, Сайрам ауданының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы радикалды уағызшылардың бейнероликтері мен терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқанын анықтады. Halyq Uni мәліметінше, Күдіктінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер діни мазмұндағы 300-ге жуық кітапты, ноутбукты және басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркіледі.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды, – делінген полиция хабарламасында.

Қазір осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бұдан бөлек, Түркістан облысында көпбалалы ана күйеуіне тоқал алуға келіспегені үшін таяқ жеген.

Алты баласы бар 41 жастағы әйелді күйеуі екінші әйел алуға келіспегені үшін ұрып-соққан, деп хабарлайды Halyq Uni vera.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, көпбалалы ана көп жылдар бойы күйеуінің ұрып-соққанына және оның туыстарының жәбірлеуіне үнсіз төзіп келген. Соның кесірінен жетінші баласынан жүктілік кезінде айырылып қалған.

Ол кетуді тіпті ойламаған, осындай өміріне мойынсұнған. Балаларға тиіспесе екен деп, үндемей төзіп келген. Ал кейінірек күйеуінің тағы бір отбасы құрғанын біліп қалған. Ол отбасыда ұл мен қыз өсіп келеді. Бұл туралы бәрі білген, тек келіншек қана ештеңе білмеген. Бұл әйелді ол бұрыннан танитын. Себебі әйел олардың учаскелік медбикесі болғандықтан жиі келіп тұрған. Ең сорақысы, күйеуі ұрып-соққан кездері медбикеден көмек сұраған сәттерде ол мойынсұнуға кеңес берген, - дейді «Көмек» орталығының директоры Малика Жүсіпова.

Психологтар онымен көп жұмыс істеді. Себебі әйел қатты қиналып қалған. Дағдарыс орталығы оның имиджін өзгертті. Ол ұзақ бейімделу курстарынан, медициналық тексерулерден, терапия курстарынан, массаждан өтті, наубайшы және аспаз мамандығын алып, жұмысқа орналасты. Сонымен қатар психологтар күйеуімен де жұмыс істеді. Өйткені әйел ештеңеге қарамастан, одан кетпеймін деп шешкен.

Осы орайда, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Алтаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры Т.Жақиянов, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының шеф-редакторы Нұрбек Бекбау, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті аға оқытушысы А.Әкімханов, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ университетінің «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы М.Бесбаев, «SAPSAN» стратегиялық орталығының» директоры және РАТТ мүшесі, сарапшы-теолог Ж.Сүлейменовтің қатысуымен қала, аудан әкімдері, идеология саласына жауапты орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, дін саласындағы жауапты мамандары, оңалту жұмыстарымен айналысатын теолог-дінтанушы мамандар мен ҚМДБ дін қызметкерлері, зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің мұғалімдері және БАҚ өкілдерінің арасында «Дін саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдары» атты облыстық ғылыми-практикалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – қазіргі қоғамдағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы негізгі тектіктер, дін саласында кездесетін негізгі проблемалармен міндеттерді терең және жан-жақты қарастыру. Семинар мемлекеттік органдар, діни бірлестіктер мен сарапшылар қауымдастығы арасында озық тәжірибе алмасуға, конфессияаралық татулық пен келісімді нығайтуға, діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ діни экстремизм мен радикалдануға тиімді қарсы тұрудың стратегияларын әзірлеуге бағытталған.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, спикерлерден тиісті жауаптар алынды.

Жалпы кездесулерге 100-ден астам азамат қатысты.

Жүктелуде...