weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жан түршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Toyota Estimaмаркалы көлік жоғары жылдамдықпен жол жиегінде тұрған ЗИЛ жүк көлігіне соғылған.

Жан түршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

4 қараша күні Өскемен–Риддер тас жолының 48-шақырымында аса ауыр жол апаты болды. Toyota Estimaмаркалы көлік жоғары жылдамдықпен жол жиегінде тұрған ЗИЛ жүк көлігіне соғылған.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бес адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаза тапқандардың тұлғалары мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деді ШҚО полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.