Оқиға сейсенбі кешке Луисвилл (Кентукки штаты) әуежайында болған. Ұшақта үш экипаж мүшесі болған. Әуе кемесі Гонолулу бағытына бет алған еді. Соңғы деректерге сәйкес, үш адам қаза тапқан, тағы 11 адам жарақат алған.
Жергілікті уақыт бойынша шамамен 17:15-те ұшақтың қозғалтқышынан от шығып, ол биіктігін жоғалтып, құлаған сәтте жарылған.
UPS-тің ең ірі жүк хабы орналасқан Луисвилл қаласында әуежай жұмысы уақытша тоқтатылды. Билік тұрғындарға қалың түтін мен жарылыс қаупіне байланысты үйлерінен шықпауға кеңес берді.
Апаттың ықтимал себебі ретінде қозғалтқыш істен шығуы қарастырылуда.