Әлеуметтік желіде үш жігіттің сарбазға күш көрсеткен бейнежазбасы тарады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Оқиға пойызда орын алған. Бейнежазбаға сүйенсек, 3 жігіттің біреуі сарбазға күш көрсеткенін және жұдырық ала жөнеліп, боғауыз сөз айтқанын көруге болады.
Айта кетелік, сарбазға көрсетілген әлімжеттіктің неден туындағаны жайлы дерек жоқ.
Сондай-ақ желі қолданушылары әлімжеттік көрсетілген бейнежазбаға пікір қалдырған.
"Балаға сана бер деген осы екенғой", "Мынау не сұмдық", "Неге соншама қатыгез боласыңдар, үйіне кетіп бара жатқан жігітке"- деп жазды көпшілік.