weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
6 қыркүйек, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ІІМ криминалистері Шымкентте “дропперлерді” әшкереледі

Әйел көрсетілген шотқа 500 мың теңге аударып, ақшасынан айырылған

ІІМ криминалистері Шымкентте “дропперлерді” әшкереледі
Фото: Polisia.kz

Шымкенттік тұрғындар интернет-алаяқтардың құрығына түсіп қалды. Негізгі күдікті алаяқтық жолмен түскен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған “дропперлермен” бірге әрекет еткен, – деп хабарлайды newsroom.kz

Жәбірленушілердің біріне қаскөйлер әйгілі банктің акционері болуды ұсынып, айласын жүзеге асырған. Әйел көрсетілген шотқа 500 мың теңге аударып, ақшасынан айырылған.

Екінші жағдайда алаяқтар Instagram-да қымбат телефонды өте төмен бағамен сату туралы хабарландыру жариялаған. Бұған сенген тұрғын оларға 683 мың теңге аударған. Алайда, уәде етілген гаджет жеткізілмеген.

Айта кетелік,ІІМ криминалистері заманауи цифрлық технологияларды қолданып, “дропперлерді” анықтап, негізгі күдіктіге шықты. Ұрланған қаражаттың барлығы зардап шеккендерге қайтарылды. Қылмыстық іс қозғалды.

– Сайттар мен ұйымдарды тексеріп алыңыздар. Кез келген күдікті әрекет туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлаңыздар. Қырағылық пен сақтық — кибералаяқтықтан қорғанудың ең тиімді тәсілі, – деп атап өтті ведомствода.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→