Ақтөбедегі оқушы өлімі: Мектеп директоры қызметінен босатылды

Кәмелетке толмаған 2 күдікті ұсталды

Ақтөбе облысының прокуратурасы Темір ауданындағы мектеп оқушысының өліміне қатысты мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Кеше Ақтөбе облысы Темір ауданы, Қопа ауылындағы Қопа орта мектебінің 9-10-11 сынып оқушылары арасындағы кикілжің салдарынан 9-сынып оқушысы қаза болды.Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары облыс прокуроры Х.З.Дәуешовтің жеке бақылауына алынды.

Қылмыстық іс аясында ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібімен кәмелетке толмаған 2 күдікті ұсталып, Темір аудандық сотымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Оқиға бойынша тергеп-тексеруді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жүргізуде. Қадағалауды жүзеге асыру, тәжірибелі процессуалдық прокурорлар тобына жүктелді.

Аталған қылмыстың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды зерделеу үшін, ауданға арнайы комиссия жіберілді.

Облыстық прокуратурамен жергілікті атқарушы органның атына Темір ауданы әкімінің, облыстық және аудандық білім бөлімі басқармаларының лауазымды тұлғаларының жауапкершіліктерін шешу жөнінде ұсыну енгізілді. Бүгінгі күні, қадағалау актісімен Қопа ауылындағы мектептің директоры Р.Е.Қаржауов қызметінен босатылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Жүктелуде...