Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұм география және табиғатты пайдалану факультетінде білім алған. ЖОО ұжымы студенттің мезгілсіз қазасына байланысты оның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтып, отбасына қажетті көмек көрсетіп жатқанын жеткізді.
Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру жұмыстарын жүргізуде. Университет әкімшілігі тергеу барысына жан-жақты қолдау білдіріп жатқанын мәлімдеді.
Сонымен қатар оқу орны өкілдері қоғамды марқұмның жақындарының қайғысына құрметпен қарауға шақырды. Сондай-ақ ресми дереккөздер растаған ақпаратқа ғана сеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпау қажеттігін ескертті.