Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 қыркүйек, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

АЭС салу бойынша референдум 6 қазанға белгіленді

Мемлекет басшысы атом электр стансасын салу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның күнін жариялады

АЭС салу бойынша референдум 6 қазанға белгіленді
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның күнін жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz

"Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады", - деді президент.