Ішкі істер министрлігі есірткінің алдын алу науқанын бастайды

Алғашқы кездесуді елордалық IT университетінде бейінді департамент қызметкерлері өткізді

Фото: Егемен Қазақстан

Жаңа оқу жылында Ішкі істер министрлігі мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарында құқықтық білім беру бойынша республикалық акцияны бастайды, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Өз бетінше өмір сүре бастаған жастар есірткіні таныстарының өтініші бойынша уақытша сақтау немесе тасымалдау, граффити-жазуларын салу, хабарландырулар немесе QR-кодтар тарату, форумдарда, мессенджерлерде есірткі туралы оң пікірлері бар посттар орналастыру сияқты әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершіліктің туындайтынын түсінуі маңызды, -деп атап өтті ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.

Алғашқы кездесуді елордалық IT университетінде бейінді департамент қызметкерлері өткізді. Жоғары оқу орнының оқытушылары мен әкімшілігіне студенттер қатысуы мүмкін құқық бұзушылықтардың түрлері, университет қабырғасында және жатақханаларда есірткіні жарнамалау және тарату тәсілдері, студенттердің есірткіні қолдану белгілері туралы айтылған.

– Бұл тақырып қалаға жаңадан келген және есірткіні тарату немесе жарнамалау арқылы жеңіл табыс табуға тартылуы мүмкін бірінші курс студенттері үшін өте маңызды. Сондықтан осы университеттегі келесі қадам 1-2 курс студенттерімен кездесу болады. Біздің мақсатымыз – ақпаратты студенттердің 100%-на жеткізу, – деп түсіндірді ведомствода.

Жүктелуде...