Шығыс Қазақстан облысындағы шахтада төрт адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 31 тамыз күні сағат 17:30-да болған. Алдын ала мәлімет бойынша кеншілер белгісіз заттан уланып көз жұмған,-деп хабарлайды newsroom.kz
Тағы бір адам Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский аудандық ауруханасына жатқызылды, оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Кенішке иелік ететін KAZ Minerals компаниясы "Востокцветмет" ЖШС кенішіндегі жұмысшылардың өлімінің мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады.