«Қайғылы оқиға баршамыздың жүрегімізге ауыр тиді. Бұл жағдай - бірнеше отбасы үшін орны толмайтын қаза. Қайтыс болған кеншілердің туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл қасірет баршамыз үшін оңайға соққан жоқ. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету үшін барлық тиісті шара қабылданады», – делінген көңіл айту жеделхатында.