ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары балл жинап, оқуға түсе алмай қалған талапкерлердің шағымын ескере отырып, қосымша білім беру гранттарын тағайындады, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленді.
Айта кетелік, барлық грант иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін сонда барулары қажет.