Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты Сығанақ көшесі жабылды

Көлік жүргізушілеріне тағы ескерту жасалды

Фото: sputnik.kz

Сығанақ көшесінің учаскесі ішінара жабылды, – деп хабарлайды newsroom.kz

"Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінен бастап Тұран даңғылына дейінгі учаскеде Сығанақ көшесінің сол жақ жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді", – деді жергілікті әкімдік.

Осыған байланысты 24-26 тамыз аралығында жоғарыда көрсетілген учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс жолдың оң жағымен екі бағытта қамтамасыз етіледі, – деп толықтырды ведомство.

Айта кетелік, қала тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы керек.

Жүктелуде...