Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Атыраудың Ақжар ауылында суға кеткен баланың денесі табылды

14 жасар баланы ойнап жүріп, достары суға итеріп жіберген деген күдік бар

Атыраудың Ақжар ауылында суға кеткен баланың денесі табылды
Фото: Inbusiness.kz

 

Марқұмның денесін іздеу жұмыстары төрт күнге жалғасты, – деп хабарлайды newsroom.kz

"24 тамызда сағат 07.03 шамасында 2010 жылы туған жасөспірімнің денесі оқиға орнынан 12 шақырым қашықтықта құтқарушылардың күшімен судан шығарылды", – деп жазды ТЖД.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД 10 жеке құрамы, 5 жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды, – делінген хабарламада.

14 жасар баланы ойнап жүріп, достары суға итеріп жіберген деген күдік бар. Атырау облысы Полиция департаменті іс қозғап жатыр. 

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату