Қазақстаннан Токиоға тікелей рейс ашылмақ

Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылған болатын

Фото: ашық дереккөзден

Азаматтық авиация комитеті Қазақстаннан Токиоға тікелей рейстер ашылатынын мәлімдеді, –  деп хабарлайды newsroom.kz

Air Astana және Japan Airlines 2026 жылдың көктеміне жоспарланған Алматыдан Токиоға жаңа рейсте өз кодтарын орналастыруға мүмкіндік беретін кодшерингтік келісім жасасты.

– Бұл құжат іскерлік және туристік сапарлар үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы әуеқатынасының мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ екі ел арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалының өсуіне ықпал етеді, – делінген ААК хабарламасында.

Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылған болатын.

Айта кетелік, маршруттар мен кестелер туралы қосымша ақпарат екі әуекомпанияның билеттерін жоспарлау және сату жүйелерін біріктіргеннен кейін жарияланады.

Жүктелуде...