Сәтбаевта жасөспірім 16 және 17 жастағы баланы пышақпен жарақаттаған

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде

Фото: Aikyn.kz

20 тамызда Сәтбаев қаласында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жанжал болды. Облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын жедел анықтады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жанжал кезінде 16 жасар жасөспірім 16 және 17 жастағы екі баланы пышақпен жарақаттаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, жанжалға қатысушы жасөспірімдердің ата-аналары бала тәрбиелеуде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция ата-аналардың балаларын тәрбиелеуге толық жауапты екенін және олардың мінез-құлқын бақылауға міндетті екенін еске салады. Кәмелетке толмағандар жасаған кез-келген құқық бұзушылықтар ата-аналары үшін ауыр зардаптарға әкелетінін ескертті.

 

 

Жүктелуде...