Қазақстан Премьер-Лигасының 16-туры аясында «Ақтөбе» өз алаңында «Қайсарды» қабылдады. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Dopmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнир кестесінде екінші орында тұрған «Ақтөбе» матчты қарқынды бастап, 14-минутта Арман Кеңесов гол соқты. Бірінші таймда алаң иелері басымдық танытты, ал «Қайсардың» футболшылары өз мүмкіндіктерін пайдалануға тырысқанымен, бірінші таймда есепті теңестіре алмады.
Алайда, 60-минутта «Қайсар» қарсыластарының қателігін тиімді пайдаланып кетті. Черногориялық жартылай қорғаушы Горан Милойко гол соғып, есепті теңестірді. Осылайша, ойын 1:1 есебімен аяқталып, командалар бір-бір ұпайдан иеленді.
Бұл нәтижеден кейін «Ақтөбе» 30 ұпаймен екінші орынға жайғасса, ал «Қайсар» 21 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады.