weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматы облысында жоғалған туристер құтқарылды

Туристер медициналық көмекке мұқтаж емес

Алматы облысында жоғалған туристер құтқарылды
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жоғалған туристерді тауып алды, - деп хабарлайды newsroom.kz

Ведомствоның хабарлауынша, Алматы облысының Талғар ауданында 1994 жылы туған екі ер адам тауға көтеріліп, бірақ адасып, өз бетінше таудан түсе алмай қалған.

Олар құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы қараңғы түсіп және ағаштарды құлатқан дауылды желге қарамастан, туристерді Қотырбұлақ шатқалынан тауып, қауіпсіз жерге алып барды.

Туристер медициналық көмекке мұқтаж емес.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→