Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады?

Астанада өткінші жаңбыр болады

Фото: Baribar.kz

Астана, Алматы мен Шымкенте 17 тамыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда сылбыр жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,5 м/с болмақ.

Астанада өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін жетіп, түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,0 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 33 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 8,6 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...