Шымкентте 20 жастағы қызды көлік қағып кетті

Қыз бала оқиға орнында жан тапсырды

Фото: inbusiness.kz

15 тамызда Шымкенттегі Жәнібеков көшесінде адам өлімімен аяқталған жол апаты болды,-деп хабарлайды newsroom.kz

 

Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, 20 жастағы қызды қағып кеткен.

"Жол апаты салдарынан 2004 жылы туған жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - деп жауап берді департамент.

Жүктелуде...