Қоғамдық эко-бақылау республикалық акция аясында Қазақстанда 300-ден астам іс-шара өтеді

Туристік және тарихи-мәдени нысандардың эко-мониторингі апталығы (15-22 тамыз)

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ағымдағы жылғы 15 тамыздан 15 қыркүйегі аралығында қоғамдық эко-бақылау бойынша (абаттандыру, елді мекендердің, тарихи-мәдени және туристік объектілердің экологиялық жай-күйі саласында) республикалық акциясы жүргізілуде,- деп хабарлайды newsroom.kz

Акция аясында республика бойынша барлығы 1,5 мыңнан астам адамның қатысуымен 300 мониторингтік іс-шара өткізу жоспарланған.

Акцияның алғашқы күні Астана қаласында («Бозоқ» музей-қорығы аумағы), Алматы облысында («Көлсай көлдері» ұлттық паркі аумағы), Түркістан облысында («Әзірет Сұлтан» музей-қорығы аумағы) қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Жобаның мақсаты - жұртшылықты табиғатты қорғауға және оған ұқыпты қарауға, проблемалық мәселелерді анықтап, азаматтық қоғамды белсенді тарта отырып шешу. Сондай-ақ өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуға және жалпы әл-ауқатқа үлес қосуға дайын күшті, ұйымшыл және жауапты қоғам құруға ықпал етеді.

Аталған акция 4 тақырыптық апта шеңберінде өткізілмек :

Туристік және тарихи-мәдени нысандардың эко-мониторингі апталығы (15-22 тамыз);

Абаттандыру, оның ішінде жасыл желектерді күту және суару саласындағы эко-мониторинг апталығы (23-30 тамыз);

Стихиялық полигондардың эко-мониторингі апталығы (31 тамыз - 7 қыркүйек);

Жер қойнауын пайдалану объектілерінің эко-мониторингі апталығы (8-15 қыркүйек).

Акцияға Қоғамдық кеңес мүшелері, 600 астам экологиялық және қоғамдық ұйымдар, эко-блогерлер, эко-волонтерлер, БАҚ өкілдері қатыспақ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...