КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегенова Динара Сәтжанға сұхбат беріп, жеке өмірі жайында жан сырын ақтарды,- деп хабарлайды newsroom.kz
“Әркімнің өз бақыты бар. Бақытты әркім әрқалай түсінеді. Бір әйел күйеуінен бақыт табады, енді бірі өнерден табады. Мен өнерімнің арқасында бақытқа бөлендім. Сол үшін де маған ешбір еркек “Сені мен көтердім” деп айта алмайды. Ешкім мен үшін ештеңе істеген жоқ. Мені бәрі қолданды. Маған ешкім қолдау көрсетпеді. Мен қарсылық танытып үйреніп қалдым. Отбасылық бақыт туралы айтқым да келмейді. Үш рет тұрмыста болдым. Үш рет те сәтсіз болды. Маған бір жолы болмайтын ер адамдар жолыға берді. Маған керек емес дедім", – деп ағынан жарылды өнер иесі.