Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 қараша, 2024 / Перизат Ілес / Мәдениет

Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған концерт өтті

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Қазақ және КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың шығармашылығына арналған концерт өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған концерт өтті
Фото: newsroom.kz

Тоқсанның торқасына шыққан тұлға мерейтойлық концертте көрермендер қатарынан табылып, өзіне көрсетілген сый-құрметке ризашылығын білдірді. Қазақ өнерінің тарихында ұлт мақтаныштарын үнемі жадымызда ұстап, мәдени мұра деп білу – мәдени мекеменің басты ұстанымы. Осы мақсатта филармония қабырғасында алдағы уақытта да керемет кештер жалғасын таппақ,- деп мәлімдеді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ аталмыш концерттің бірқатар әндеріне Нұрғиса Тілендиев негізін қалаған «Отырар сазы» оркестрін басқарып отырған ізбасары Дінзухра Тілендиева дирижерлық етті.

- Біз Бибігүл Ахметқызымен бір үйде тұрдық. Әкем Бибігүл Ахметқызымен көп жұмыс істеді. Көптеген әндерін осы Бибігүл Ахметқызы бірінші болып орындады. Оның ішінде «Кел еркем Алатауыңа», «Жан жарым», «Жан сәулем» әндері,- деді Дінзухра Тілендиева.

Концерт басталмас бұрын Бибігүл Төлегенова сөз сөйледі.

 - Құрметті қонақтар келген жолдарыңызға нұр бітсін. Бүгін сіздер менімен бірге менің 95 жылдығымды тойлауға келіп отырсыздар. Әрине бұл жасқа жетудің өзі жеңіл емес. Мен 95 жасқа келсем де, қол қусырып отырмаймын. Білгенімді жастарға көрсетіп, айтып отырамын. Халқымыз аман болсын,- деді  Бибігүл Төлегенова