Ферроқорытпа зауытының 35 жастағы қызметкері әріптестерінің көзінше тіл тартпай кетті, – деп хабарлайды newsroom.kz
Қайғылы оқиға 8 тамызда кешке кәсіпорын ауласында болған.
«Жұмысшылардың айтуынша, кешкі астан кейін ер адам сыртқа шыққан. Ал әріптестері терезеден оның басына найзағай түсіп, жерге құлағанын көрген», – деп жазды басылым.
Найзағайдан қайтыс болу фактісін жедел жәрдем қызметкерлері де растады.
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты Eurasian Resources Group компаниялар тобына жататын «Қазхром» компаниясына тиесілі.