weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

“4 адам қаза тапқан зауыттағы апат”: Кінәлілер аталды

Комиссия тексерісінің нәтижесінде жұмыс берушінің кінәлі екені анықталды

“4 адам қаза тапқан зауыттағы апат”: Кінәлілер аталды
Фото: tengrinews.kz

Қарағандыдағы «YDD Corporation» ЖШС ферроқорытпа зауытында болған апаттан 8 жұмысшы зардап шегіп, төртеуі қаза тапқан еді. Комиссия тексерісінің нәтижесінде жұмыс берушінің кінәлі екені анықталды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Кәсіпорында травматикалық факторлардың әсерін болдырмау үшін шұғыл шаралар тиісті дәрежеде қабылданбағаны, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің ережелерді, нұсқаулықтарды және технологиялық тәртіпті сақтауын бақылау элементтері тиісті дәрежеде жасалмағаны анықталды, - делінген ҚР ЕХӘҚМ хабарламасында.

Арнайы комиссияның тергеу нәтижелері және жиналған барлық материал жазатайым оқиғаға кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына беріледі.

 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→