Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Еуразиялық банк қызметкерлері айына 12 млн ₸ алып келген

Еуразиялық банкке иелік ететін, ERG компаниясының бас директоры Шұхрат Ибрагимов 2024 жылы басқарма мүшелеріне жалпы сомасы 1 миллиард 82 миллион 196,5 мың теңге төлем жасаған. Бұл сомаға жалақы, сыйақы және түрлі бонустар кіреді.

Еуразиялық банк қызметкерлері айына 12 млн ₸ алып келген
Фото: mail.kz

Банк мәліметтері KASE сайтында жарияланған қаржылық есепте көрсетілген. Басқарма құрамында жеті адам бар: төрайым Ләззат Сатиева және оның орынбасарлары Сабыржан Бекбосынов, Ерланбек Қаппар, Ғазиз Ермеков, Ибрагим Альтамиров, Асқар Хамидуллин мен Айнагүл Дәулетбаева.

Есепке сүйенсек, әрқайсысына тең бөлінген жағдайда, топ-менеджерлердің орташа айлық табысы 12,8 млн теңгені құрайды.

Банк директорлар кеңесіне, ол атқарушы органға кірмейді, тағы бес адам мүше. Оған Шұхрат Ибрагимовтың өзі төрағалық етеді. Ол ERG корпорациясының негізгі тұлғаларының бірі саналады.

Бұған дейін, мамыр айында, Ибрагимовтың ERG-дегі үлесті бақылауға алып, корпорацияны жеке басқарғысы келетіні жайлы ақпарат тараған. Осыған байланысты акционерлер арасында дау туып, іс сотқа дейін жеткен.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату