Бүгін еліміздің бір мегаполисінде 40 градус ыстық болмақ

Бүгін Алматыда ашық аспан болады

Фото: bolzhau.com

Астана, Алматы мен Шымкенте 7 тамыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда ашық аспан болады. Күндіз ауа температурасы 34 градусқа дейін көтеріліп, түнде 17 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,8 м/с болмақ.

Астанада болжамынша, өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін жетіп, түнде 17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,2 м/с болады.

Шымкентте бүгін ашық аспан болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 40 градусқа дейін жетіп, түнде 22 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,6 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...