Париж-2024: Бүгін жарыс жолына қай спортшыларымыз шығады

60 келі салмақта Айдос Сұлтанғали Париж бозкілемінде белдеседі

Фото: Telegram/Qazaqstan.tv

Бүгін Олимпиада ойындарында  5 қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Стенд атудың скит бағдарламасы бойынша аралас командалар арасында бәсеке басталады. Еліміздің атынан Әсем Орынбай және Эдуард Ещенко сынға түседі.

Сондай-ақ, грек-рим күресінің шеберлері жарысты бастайды. 60 келі салмақта Айдос Сұлтанғали мен 130 келі салмақ дәрежесінде Әлімхан Сыздықов Париж бозкілемінде белдеседі.

Ал жеңіл атлетикадан әйелдер арасында 200 метр қашықтықта Ольга Сафронова жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.

  

Жүктелуде...