Париждегі Олимпиада ойындарының сегізінші күнінде 6 спорт түрінен 14 қазақстандық спортшы бақ сынайды,-деп хабарлайды newsroom.kz
Бүгін Олимпиада ойындарында стенд атудың скит бағдарламасында Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко сынға түседі.
Дзюдодан аралас командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы бразилиялықтармен кездессе, бокстан 50 келі салмақтағы әйелдер арасында Назым Қызайбай ширек финалдық кездесуін өткізеді.
Велошосседен ерлер арасындағы бәсекеде Алексей Луценко мен Евгений Федоров бақ сынаса, спорттық гимнастиканың финалдық сынында Нариман Курбанов пен Милад Карими жарыс жолына шығады.