Бүгін еліміздің ірі қалаларының бірінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Астанада, синоптиктер болжамынша, жаңбыр жауады

Фото: Aikyn.kz

Астана, Алматы мен Шымкентте 26 шілдеде ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріліп, түнде 18 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,6 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктер болжамынша, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін жетіп, түнде 18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 11,9 м/с.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп болжанды. Күндіз термометр бағаны 41 градусқа дейін жетіп, түнде 24 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 9,0 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...