weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Аяз орнына нөсер жаңбыр: 13 желтоқсанға арналған ауа-райы

Синоптиктер Қазақстанда 13 желтоқсан, сенбі күні ауа райы қандай болатынын мәлімдеді.

Аяз орнына нөсер жаңбыр: 13 желтоқсанға арналған ауа-райы
zonakz.net

Елдің солтүстігінде, орталығында және батысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ күтіледі. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, тұман басып, жел күшейеді. Бірқатар қалаларда аяз сақталса, оңтүстікте күндіз ауа температурасы плюстық мәндерге дейін көтеріледі.

Қалалар бойынша ауа райы болжамы

Астана – құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар жауып, төменгі боран соғады. Түнде және күндіз ауа температурасы –3…–5 °C.

Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде –3…–5 °C, күндіз +6…+8 °C.

Шымкент – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Түнде +2…+4 °C, күндіз +6…+8 °C.

Түркістан – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (көбіне жаңбыр). Түнде +2…+4 °C, күндіз +6…+8 °C.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, түнде қар жауады, жел кей уақытта күшейеді. Түнде –3…–5 °C, күндіз +3…+5 °C.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде –7…–9 °C, күндіз +4…+6 °C.

Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман. Түнде –4…–6 °C, күндіз +1…+3 °C.

Тараз – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, кей уақытта тұман түседі. Түнде 0…+2 °C, күндіз +8…+10 °C.

Ақтау – бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде 0…+2 °C, күндіз +5…+7 °C.

Атырау – бұлтты, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, күндіз төменгі боран мен екпінді жел күтіледі. Түнде 0…+2 °C, күндіз +3…+5 °C.

Орал – бұлтты, түнде қар жауып, боран соғады, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, кейде қатты болады. Тұман, көктайғақ, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы тәулік бойы –1…+1 °C шамасында.

Ақтөбе – бұлтты, түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран, көктайғақ. Күндіз жел күшейеді. Түнде –6…–8 °C, күндіз –0…–2 °C.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, қар жауып, боран соғады, көктайғақ. Түнде –3…–5 °C, күндіз –1…–3 °C.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, қар, төменгі боран, көктайғақ. Түнде және күндіз –3…–5 °C.

Қостанай – құбылмалы бұлтты, күндіз аздап қар жауады. Түнде –11…–13 °C, күндіз –3…–5 °C.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, қар жауады. Түнде –6…–8 °C, күндіз –3…–5 °C.

Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде –13…–15 °C, күндіз –6…–8 °C.

Павлодар – құбылмалы бұлтты, күндіз қар, жаяу бұрқасын. Түнде –8…–10 °C, күндіз –0…–2 °C.

Семей – бұлтты, түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын. Боран, көктайғақ, жел күшейеді. Түнде –7…–9 °C, күндіз –1…+1 °C.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, күндіз қар, боран, көктайғақ, екпінді жел. Түнде –9…–11 °C, күндіз –0…–2 °C.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын. Сондай-ақ «Қазгидромет» 13–15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың айтуынша, жауын-шашынсыз аяз алып келген антициклон Қазақстан аумағынан ығысып, оның орнын ылғалды ауа массаларымен толысқан қуатты циклон басады. Нәтижесінде республика бойынша жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен боран күтіледі. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→