Беларусь Республикасы ресми түрде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болды. Тиісті құжатқа бүгін Астанада қол қойылды,-деп хабарлайды newsroom.kz
Бүгін 9 елдің басшысы арнайы құжатқа қол қойды. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саммитте сөйлеген сөзінде айтты.
Осылайша, Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіретін мемлекеттердің саны 10-ға жетті.
"Бірлескен күш-жігер, шанхайлық рухты нығайту және Шанхай қағидаттарын ілгерілету арқылы біз ШЫҰ-ны ең беделді халықаралық құрылымдардың біріне айналдырдық.
Бүгін Астанада өтетін саммитте ұйымымызды одан әрі кеңейту туралы маңызды шешім қабылданады. Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына толыққанды мүшелікке өту үшін қажетті рәсімдерді аяқтады. Қарсылық болмаған жағдайда, кездесуді Беларусь Республикасының ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерге қабылдануы туралы құжаттарға қол қою рәсімінен бастауды ұсынамын", - деді Тоқаев.