Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді", - делінген хабарламада.
Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.