Бүгін Конституциялық Сот алғаш рет Брайль шрифтіменмемлекеттік және орыс тілдерінде басылып шыққан Қазақстан Республикасының Конституциясының тұсаукесерін өткізді,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы gov.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Қазақстанның Ата заңының мәтінін көру қабілеті нашар немесе зағип азаматтар үшін Брайль шрифтіне (бедерлі-нүктелі тактильді шрифт) аудару жобасын ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі және Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жарық көрді.Тұсаукесерге Қазақстанда аккредиттелген шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың елшілері, Парламент депутаттары мен мемлекеттік органдардың, Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары мен ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты.
Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимовақолжетімді ортаны құру барлығының заң алдындағы теңдігі мен сот төрелігіне қол жеткізуінің конституциялық кепілдіктерінің негізін құрайтынын атап өтті. «Әділетті Қазақстан» саясаты мемлекеттің адам құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуге және кемсітпеуге бейілділігін растайды. Конституциялық Сот Конституцияға және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына сәйкес әрбір адам үшін теңдік, қадір-қасиет және әділдік қағидатын ілгерілетуді жалғастыруда. Конституция мәтінін Брайль шрифтімен басып шығару – бұл біздің осы саясатты ілгерілетуге қосқан үлесіміз», – деп атап өтті Азимова.
Өз кезегінде, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы ФолькерФробарт Қазақстан Конституциясының мәтінін Брайль шрифтімен басып шығару қазақстандық конституциялық бақылау органының құқық қорғау құндылықтарына және ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге инклюзивті көзқарасқа бейілділігін көрсететінін атап өтті.
Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясының қатысушысы болып табылады, ол қатысушы мемлекеттерді мүгедектігі бар адамдарға ақпаратқа, білімге қол жеткізуді, заң алдындағы теңдікті және тең құқықтық қорғауды, сондай-ақ сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы адам өмірінің барлық аспектілеріне жан-жақты қатысуы мақсатында тиісті шаралар қабылдауға шақырады.
Брайль әліпбиімен шығарылған Конституция мәтінінің басылымдары 56 мекемеге, соның ішінде республикалық және аймақтық кітапханаларға, оқу орталықтары мен мамандандырылған мектептерге беріледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес Қазақстанда көру қабілеті бұзылған 160 мың адам тұрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда 85 мың зағип адам, 4000 – нан астам көзі нашар көретін балалар, олардың 350-ге жуығы зағип балалар.