weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі төмендеуі мүмкін – министр не дейді?

Мұнай мен газ конденсатын өндіру 2026 жылы 96–98 млн тоннаға дейін төмендеуі мүмкін,— деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі төмендеуі мүмкін – министр не дейді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылы Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі жоспарланған көрсеткіштен төмен болуы мүмкін екенін айтты.

«Экономикалық даму жоспарына сәйкес, 2026 жылға арналған өндіріс көрсеткіші 100,5 миллион тоннаны құрайды. Менің ойымша, жыл соңында және осы жылдың басында болған оқиғаларға байланысты — мен КҚК-ға жасалған шабуылдар мен Теңіздегі апатты айтып отырмын — өндіріс 96-98 миллион тонна шамасында болады», - деді Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін 2026 жылға арналған жоспар бойынша өндіріс көлемі 100,5 млн тонна деп белгіленген. Алайда Каспий құбыр консорциумы (КҚК) нысандарына жасалған шабуылдар мен Теңіз мұнай кен орнындегі апатқа байланысты нақты көрсеткіш 96–98 млн тонна шамасында болуы ықтимал.

Еске салайық, Каспий құбыр консорциумы мәліметінше, 2025 жылы Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесі арқылы 70,52 млн тонна мұнай тасымалданған.

Оның ішінде:

• Теңіз мұнай кен орнынен – 36,6 млн тонна,

• Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнынан – 9,2 млн тонна,

• Қашаған мұнай кен орнынан – 17 млн тонна мұнай жеткізілген.

 

 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→