«Ираннан Түрікменстан шекарасындағы құрлықтағы өткізу бекеттері арқылы жерүсті жолымен Қазақстан Республикасының үш азаматы шығарылды. Жалпы эвакуация басталғалы бері Ираннан отанына 69 қазақстандық қайтарылды. Сонымен қатар Израильден 68 Қазақстан азаматы эвакуацияланды», – деп хабарлады Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, мемлекеттік органдар мен Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің көмегімен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға барлығы 9 926 қазақстандық қайтарылған.