Астанада ардагерлермен жұмыс жөніндегі қызметтердің жұмысы қорытындыланды

Іс-шараға «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ өкілдері де шақырылды

ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің ардагерлермен жұмыс жөніндегі қызметтерінің лауазымды тұлғаларының қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өтті. Іс-шараға «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ өкілдері де шақырылды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Жиын барысында Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің ардагерлермен жұмыс басқармасының бастығы полковник Қайрат Ыдырышев қатысушыларға Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ Қорғаныс министрінің жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру туралы талаптарын жеткізді. 

Жиында қызмет өкілдері жұмысының әдістемелік аспектілері, сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ филиалдарымен әскерге шақырылғанға дейінгі жастармен әскери-патриоттық жұмысты ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Әскери зейнеткерлерді зейнетақымен, тұрғын үймен, медициналық және санаторлық-курорттық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына байланысты іс-шараларды ұйымдастыру жоспарларының орындалуы талқыланды. 

Жиынға қатысушылар басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлердің мәртебесін рәсімдеу, азаматтарды қабылдау және «Е-өтініш» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндеөтініштерді қарау тәртібі мен шарттары бойынша өткен нұсқаулық сабақтардан көптеген пайдалы ақпарат алды.

Оқу-әдістемелік жиын соңында полковник Қайрат Ыдырышев лауазымды тұлғаларға қызметтердің жұмысын жақсарту бойынша нұсқаулар беріп, келесі кезеңге арналған міндеттерді жеткізді.

Жүктелуде...