Қазақстанда 57 жаңа су қоймасы салынады

2030 жылға дейін Қазақстанда су қоймасы салынбақшы

Фото: freepik

2030 жылға дейін Қазақстанда 57 жаңа су қоймасын салынады. Бұл туралы 28 мамырда ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz

"Бүгін көріп отырғанымыздай, су шаруашылығы құрылымдарын салу мен қайта жаңғырту қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылып, назардан тыс қалып келген. Біздің есептеулеріміз бойынша, еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолда бар нысандарды қалыпты ұстау үшін жыл сайын шамамен 350-370 млрд теңге қаражат қажет болады", - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Жүктелуде...