Бауыржан Исаев: "Кісенмен консерваториядан алып кеткен кездер болды"

"ХабарLike" бағдарламасына келген әнші жоғалып кетуінің  себебін айтты

Фото: ХабарLike

Әнші Бауыржан Исаев 2000 жылдары шығармашылығына дөкей адамдар шектеу қойып тастағанын алғаш рет айтты, деп хабарлайды newsroom.kz

«ХабарLike» бағдарламасына келген әнші жоғалып кетуінің  себебін айтты.

«Біріншісі – әншілер міндетті түрде музыкалық білімді болуы керек. Жас кезімде 1994 жылы шығармашылығымды бастаған кезде консерваторияны бітірем деген мақсат болатын. 1994 жылы Шымкентте музыкалық колледжге түсіп, 1998 жылы бітіріп, сол жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияны бітірдім. Шетелге дәріске кеттім. 10-12 жыл білім іздеп өтті. «Кісенмен консерваториядан алып кеткен кездер болды. Оны халық білмейді. Алматы қаласының ішкі істер департаментінде отырдық. Сол кезде бір ағамыз алып шыққан болатын. Шүкір, бұл сынақтан да өттік"- дейді ол.

Жүктелуде...