weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақ әншісінің шоуын 102 млн адам көрді

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген продюсерлік еткен Voice Beyond Horizon музыкалық шоуының тұсаукесері 1 тәулікте 102 млн көрермен жинап, Қытайда ең жоғары көрсеткішке жетті.

Қазақ әншісінің шоуын 102 млн адам көрді
Сурет:dimashnews

Димаш продюсерлік еткен жаңа музыкалық жоба Қытай көрермендерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Шоудың алғашқы көрсетілімі бір күннің ішінде 102 млн адамға жетіп, рейтинг көшін бастады. Бұл туралы әншінің ресми сайты хабарлады.

Hunan TV телеарнасының мәліметінше, жоба CVB, CSM және CSM71 өңірлік спутниктік арналар арасында 1-орынға шыққан. Сондай-ақ KuYun және Huanwang рейтингтерінде де жоғары нәтиже көрсетті.

Димаштың ресми сайтында шоу тұсаукесерінің халықаралық баспасөзде кеңінен жарияланғаны, Қазақстан мен Қытай медиасының қолдау білдіргені айтылған.

Музыкалық бағдарламаны Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мен China Daily басылымы да таныстырды. Ал People’s Daily English және Audiovisual China басылымдары жобаның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→