"Бұрыннан самаурын шығаруды армандайтын едім. Жолдасым – өндіріс саласының адамы, темір-терсекпен айналысады. Бір күні ол өз зауытында самаурын жасау туралы идеясын ұсынды. Алдағы қазан айында алғашқы өнімдер дайын болады. Біз оларды барынша қазақы үлгіде жасағымыз келеді. Бұл – қол еңбегін талап ететін, ұсақ-түйегі көп дүние" – дейді әнші.
Тамара Асар шай ішу дәстүрінің қазақ қоғамындағы маңызын да атап өтті. Оның айтуынша, бұрын қазақтар психологқа бармаған, керісінше, дастархан басында шай ішіп отырып, жан сырын бөліскен.
"Ренжіскен адаммен қант қосып шай ішкен соң, ағзада қуаныш гормондары бөлініп, көңіл тынышталады, кешірімге келеді. Қазақтар бұл процестің ғылыми атауын білмегенімен, оның мәнін жақсы түсінген" – дейді әнші.