Бақдәулет Сариев Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.
Бақдәулет Сариев еңбек жолын 2015 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алатау, Медеу аудандары бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2015-2017 жылдары - Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің бас маманы.
2017 жылдан 2020 жылға дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің бас сарапшысы, басқарма басшысы болып жұмыс істеген.
2020-2021 жылдары - Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің басшысы. 2021-2022 жылдары - Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы. 2022-2024 жылдары Тараз қаласы әкімінің орынбасары, AMANAT партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракция аппараты басшысының орынбасары, Оқу-ағарту министрінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.