Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады

Алматыда күн ала бұлтты болады

Фото: el.kz

Синоптиктер Астана, Алматы мен Шымкентте 8 мамыр күні ауа райы қандай болатынын болжады. Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды Newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріліп, түнде 12 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,5 м/с болмақ. Астанада синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін жетіп, түнде 4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,7 м/с болады. Шымкентте бүгін күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 30 градусқа дейін жетіп, түнде 18 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,0 м/с деңгейінде болмақ. 

Жүктелуде...