Қазақстандық миллиардер, Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе Англияның «Уиком Уондерерс» клубы акцияларының бақылау пакетін сатып алды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы SPORT+-ке сілтеме жасап.
Клубтың ресми өкілдігі хабарлағандай, Англия футбол лигасы рұқсат бергеннен кейін Михаил Ломтадзе, Эдуард Вышняков және Дэн Райс клубтың Директорлар кеңесінің құрамына енген.
Сондай-ақ, аталған хабарламада айтылғандай, Ломтадзе иелік ететін Blue Ocean Partners II Limited компаниясына «Уиком Уондерерс» клубы акцияларының 90% тиесілі.
Айта кетейік, «Уиком» клубы Англия чемпионатының үшінші дивизионында өнер көрсетеді.